callme
+7 (700 303 11 11)

займ на карту 24 часа

Тренингтер

training

Көшбасшы бол!

К?шбасшы бол!Көшбасшы болу – кез келген адамның қолынан келеді. Өйткені, адам көшбасшы болып тумайды. Іздену,өзін дамыту арқылы бойына көшбасшылық қабілеттерді  жинайды. Топ ішінде жұмыс істеуді үйреніп, қасындағы адамдардың пікірімен санаса отырып,оңтайлы ортақ шешімге келу. Үлкен жауапкершілікті мойнына алып, бойына көркем мінезді қалыптастыра отырып, жан-жақты азаматқа айналу.
tansu

Басқару өнері: қыры мен сыры

Басқару дегеніміз – басшының стратегиялық мақсаттарға жету жолында қасындағы қызметкермен бірлесе отырып жұмыс жасауы. Басшының ұжымды  әр түрлі тәсілдер арқылы жігерлендіріп, қабілеттерін дамытуы. Басшылықтағы адам айналасындағы әріптестермен ақылдаса отырып, ортақ істі жүзеге асыру барысында бірге уайымдауы. Қызметкерлердің әрқайсысының ішкі жан дүниесіне үңіліп, жүректерінен орын алуы.
tansu

«Үйлену оңай…»

«Үйлену оңай, үй болу қиын» деген сөз халық арасында кең таралған. Осы тұста, оңай үйленіп, үй болудың да жеңіл жолдарын қарастыру өзекті жайт.Бұл мәселе, шаңырақ көтеремін деушілерге алдын ала үлкен дайындықты талап етеді. Өнегелі отағасы болудың қыр-сырымен танысып, таңдаған қалыңдығымен қисынды қарым-қатынас жасаудың әдіс-тәсілдерін меңгеру.Өзіне ізгі жар, ата-анасына – ибалы келін, болашақ балаларына – аяулы ананы дұрыс таңдай білудің өмірлік мәні зор.
tansu

Жұрттың жүрегін жаулаймын десеңіз

Көпшілікпен тиімді қарым-қатынас орнатудың негізі — адамдардың көңілінен шығып, сеніміне кіру болып табылады. Айналасындағылармен жақсы араласып, жүрегін жаулай білген адамның абыройы артып, беделі өседі. Жұрттың жүрегінен орын алу үшін қарым-қатынас жасаудың әдіс-тәсілдерін меңгерудің рөлі үлкен.
tansu

Әріптестермен әдемі байланыс орнату

Әріптестер арасында жылылық таратып, сыйластық пен қимастық сезімдерін ұялата білу үлкен шеберлікті қажет етеді. Сапалы жұмыстың кепілі – ұжымдағы ұтымды қарым-қатынас пен жақсы көңіл-күй. Сол себепті, әріптестердің жұмыс барысында да, өмірде де «сіз-біздесіп», бір-біріне деген сыйластығын сақтау жолдарын танып-білудің маңызы ерекше.
tansu

«Досы көпті жау алмас…»

Достық — адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықың, рухани жақындықтың белгісі. Көп сыйластардың ішінен шынайы досты тауып, ажырату үлкен шеберлік. Достық ұғымын жетік біліп, қағидаларын үйренудің өмірдегі орны бөлек.
tansu

Өз-өзіне сенімділік

Қашанда бір істі немесе сөзді бастаған кезде адамда өз-өзіне сенімділік қажет. Бойға сенімділікті ұялату, мінезде байсалдылықты қалыптастыру – келер күндегі жетістіктердің бастауы. Өзіне сенімді адам қандай істе болса да өжеттілік танытып, қайсарлық байқатады.Сенімді тұлғаның сөйлеу мәнері нық, әңгімесі әсерлі келеді. Олай болса, бойдағы сенімділікті арттыру мақсатында өзін дамытуды бүгіннен бастаған жөн.
tansu

Тайм-менеджмент

Уақыт –  біздің өміріміз. Ол сатылмайды, әрі орны толмайды. Уақыттың шынайы қадірін жете түсінген тұлға үшін уақыт алтыннан да қымбат бағаланады. Аз уақытта көптеген игі істерді атқарып, оны дұрыс пайдалана білу-үлкен шеберлік.Орынды пайдаланылған уақыт – өз болашағына құйылған құнды инвестиция.Ендеше, әрбір адам уақытын тиімді жүйелеудің әдіс-құралдарын меңгеруі тиіс.
tansu

Болашақты жоспарлау

Тиімді жоспар — жарқын болашақтың кепілі. Адамның өз келешегіне нық сеніммен қарап, алдына қойған мақсаттарына жету жолында жүйелі жоспар құра алуы – кемеңгерлік.  Алыс-жақын болашаққа жан-жақты жоспар тізіп үйрену – саналы ғұмырын ғибратты өткізгісі келетіндер үшін аса маңызды жайт. Ендеше,  жоспарлаудың қыр-сырын меңгеріп, оны дұрыс жасай білу бүгіннен басталу керек.
tansu

Мақсат қою

Өмір – адам баласына өлшеніп берілген мерзім. Қамшының сабындай қысқа ғұмырда биік белестерді бағындырып, көптеген жетістіктерге қол жеткізу — әрбір саналы адамның арманы. Осы тұста мақсаттарды саралап, алдына биік мақсаттарды қойып, оларға жету жолдарын іздестіру – өз өміріне маңыздылықпен қарайтын адам үшін өте маңызды қадам.
tansu

Аудиторияны басқарудың әдіс-тәсілдері

Аудиторияны басару – тыңдаушылардың назарын аудартып, түрлі тәсілдерді қолдану арқылы белсенділіктерін арттыру. Қатысушыларды бүтіндей ортақ мәселеге жұмылдырып, қызығушылықтарын ояту. Әр қилы әдістерді пайдалана отырып, аудиторияны жалықтырып алмай, материалды тиімді жолдармен ұсыну.
tansu

Шешендік өнер негіздері

Адамның өз-өзімен жұмыс істеп, түрлі жаттығулар арқылы шешендік өнерін дамыту. Көп алдында сөз сөйлеудегі сенімділікті арттырып, бойдағы қорқынышты жеңу. Жұртшылыққа айтар сөзді мақсатты, жоспарлы түрде саптап, оларға түсінікті тілде жеткізе алу. Жиналыс, семинар, конференцияларда ойды емін-еркін жеткізіп, дұрыс сөз саптауды үйрену.
tansu

Бала тәрбиесіндегі ойынның маңызы

Баланың дамуы мен мінез-құлығының қалыптасуында ойынның рөлі ерекше. Бала үшін ойын – өмірді танытатын құрал іспеттес.Сондықтан, ойната отырып, ақыл-ойын дамыту баланың қалыптасуы жолындағы алғышарттардың бірі болып келеді. Осы тұста, ата-ана балаларын әр түрлі ойындармен тәрбиелеудің мән-маңызына ерекше көңіл бөлгені абзал.
tansu

Балаларым – болашағым

Баланың тұлға болып қалыптасуы – әрбір ата-ананың арманы. «Бала – бауыр еті?» демекші, әке-шеше баласының болашағына алаңдап, адам болуын тілейді. Сәби ерітілген қорғасын секілді: Қандай етіп илесе, сондай қалыпта қалады. Сондықтан, баланы кішкентайынан бойына адамгершілік құндылықтарын сіңіріп, дұрыс тәрбиелей білу – ата-ананың борышы.
tansu

Дұрыс дикция, әсерлі әңгіме

Адам баласының басқа жаратылыстардан бір ерекшелігі – өз ойын сөйлеу арқылы жеткізе алуы. Сіздің анық әрі әсерлі болуында дауыс ырғағы үлкен рөл атқарады. Демек, сөйлеу техникасын сауатты меңгеріп, нақышына келтіре білу асқан шеберлік.  Ендеше, мұндай шеберлікті үйреніп, бойда дарыту – әрбір адам үшін ерекше көңіл бөлерлік жайт.
tansu

Тұрмысқа шыққым келеді, бірақ…

Болашақ отбасылық өмірдің шынайылығын ұғынып, өмірлік жұпты таңдаудың қыр-сырымен танысу – әрбір бойжеткен үшін ерекше көңіл бөлерлік жайт. Өйткені, өмірлік серікті таңдау әр бойжеткен үшін маңызды қадам. Отбасын құру кезеңдерін егжей-тегжейлі меңгеріп, ақ босағаны абыроймен аттау, барған жерге «тастай батып, судай сіңудің» жолдарын игерудің де мәні өте зор.
tansu

Жарыңыздың жанында патшайым болам десеңіз…

«Жақсы әйел – ерге біткен бақ» деп дана халқымыз айтқандай, әрбір әйел шаңырағының шамшырағы, отбасының құты, күйеуінің қолдаушысы болуды қалайды. Үйде ыдыс-аяқты сылдырлатпаудың амалдарын үйреніп, жан-жарын жігерлендірудің маңызы ерек. Ерінің сүйіспеншілігі мен құрметіне бөленіп, бір шаңырақтың астында мәнді де сәнді ғұмыр кешудің сырларына бойлау – өмір талабы.
tansu

Өнегелі отағасы

Қашанда ер-азамат үшін жанұяда жан тыныштығын табу – таптырмас байлық. Осы байлыққа қол жеткізу жолында талмай іздену, тиімді тәсілдерді білу – әрбір отағасына ләзім. Шаңырақтың иесі, отбасының отағасы ретінде құрметке бөленіп, бойына өнегелікті абыроймен жинаудың мәні ерекше.
tansu

Пікірталастың қыры мен сыры

Адамзат жаратылысының кереметтілігі – ой-пікірлерінің бір-біріне ұқсамауында. Қанша адам болса, сонша пікір бар демекші, әр адамның өзіндік жеке көзқарасы болады. Қалың қоғамның ішінде айналадағылардың пікірлеріне құрметпен қарап, өзіндік ойды ортаға шығара білу шеберлігін меңгеру өте маңызды.
tansu

Проблеманы шешу шеберлігі

Өмір –сын алаңы демекші, адам өмірінде көптеген сынақтарға жолығады. Келген сынақты дұрыс қабылдап, оған даналықпен оңң шешімдерді қарастыру – асқан кемеңгерлік. Басқа түскен сынаққа сынып кетпей, еңсені тік ұстаған қалыпта проблемадан шығудың оңтайлы жолдарын үйрену әр адамға қажет.
tansu

Ақыл айтудың дұрысы мен бұрысы

Адам ес білгеннен-ақ айналасындағы адамдардан түрлі ақыл-кеңестер ести бастайды. Оның бірі қабылданып жатса, ал, енді біреулердің кеңестері елеусіз қалып жатады. Осы тұста адамның көңіліне қаяу түсірмей ақыл айтудың қыр-сыры мен әдістерін меңгеру өте маңызды.
tansu

Тыңдау шеберлігі

Адам өмірінде сөйлеу өнерін үйрену қаншалықты маңызды болса, тыңдау шеберлігін де меңгеру соншалықты маңызды. «Тыңдалмаған сөз жетім» демекші, айтылған сөзге лайықты деңгейде ден қойып, тыңдамау адамдар арасындағы байланыстың сууына әкеліп жатады. Олай болса, сұхбаттасуышының сөзіне ерекше көңіл бөліп тыңдауды меңгеру әр адамға қажет.
tansu

Коучингтің әдіс-тәсілдері

Адамның жаратылысының ғажайыптылығы соншалықты, тіпті адам баласы өз бойындағы қабілеттерін біле бермейді. Осы тұста коучинг ғылымы тұрағын өзінен жасайтын өрмекші тәрізді бойындағы күш-қуаты мен қабілеттерін сыртқа шығарудың жолдарын үйретеді. Осылайша адам биік мақсаттарын анықтап, соған жету жолында бар қабілеттерін қолданады.
tansu